> Ақаулықтарды шешу > Сия салынған контейнерлерді ауыстыратын уақыт келді > Қара сия азайғанда қара сияны сақтау (тек Windows үшін)

Қара сия азайғанда қара сияны сақтау (тек Windows үшін)

Қара сия аяқталып, басқа түрлі-түсті сия қалмаған жағдайда қара сияны жасау үшін түрлі-түсті сияны араластыруға болады. Ауыстырылатын қара сия салынған контейнер дайындаған кезде басып шығаруды жалғастыруға болады.

Бұл мүмкіндік тек принтер драйверінен келесі параметрлерді таңдаған кезде қол жетімді болады.

  • Қағаз түрі: қарапайым қағаздар

  • Сапасы: Стандартты

  • EPSON Status Monitor 3: Қосылған

Ескертпе:
  • Егер EPSON Status Monitor 3 ажыратылса, принтер драйверіне қатынасу үшін, Кеңейтілген параметрлер қойындысындағы Қызмет көрсету түймесін басыңыз да, EPSON Status Monitor 3 қосу таңдаңыз.

  • Араластырылған қара түс шынайы қара түстен сәл өзгешеленуі мүмкін. Осыған қоса, басып шығару жылдамдығы қысқарады.

  • Басып шығару басының сапасын қолдау үшін, қара сия да жұмсалуы мүмкін.

Опциялар

Сипаттама

Иә

Қара түсті жасау үшін түрлі-түсті сиялардың қоспасын таңдаңыз. Бұл терезе келесі рет ұқсас тапсырма басып шығарылғанда көрсетіледі.

Жоқ

Қалған қара сияның пайдаланылуын жалғастыру үшін таңдаңыз. Бұл терезе келесі рет ұқсас тапсырма басып шығарылғанда көрсетіледі.

Осы мүмкіндікті өшіру

Қалған қара сияның пайдаланылуын жалғастыру үшін таңдаңыз. Қара сия салынған контейнер ауыстырылмағанша және қайта азаймағанша, бұл терезе көрсетілмейді.