Шешімдер
Егер телефон сыртқы желіге өту үшін жүйесі сыртқы кіру кодын қажет етсе, кіру кодын принтерге тіркеп, жіберген кезде факс нөмірі алдына # (тор) белгісін енгізіңіз.
Шешімдер
Алушының нөмірі контактілер тізімінде тіркелгенін немесе пернетақта арқылы дұрыс енгізілгенін тексеріңіз. Не болмаса, алушының факс нөмірі дұрыс екенін тексеріңіз.
Шешімдер
Келесі әдістердің біреуі арқылы факстарды кішірек деректер өлшемінде жіберуге болады.
Факсты монохромды күйде жібергенде, Факс > Факс параметрлері > Факс жіберу параметрлері бөлімінде Тікелей жіберу параметрін қосыңыз.
Монохромды құжаттың көптеген беттерін жіберу (Тікелей жіберу)
Жалғанған телефонды пайдалану
Ілмекте пайдалану
Түпнұсқаларды бөлу
Шешімдер
Кіріс немесе құпия хабарламалар жәшіктерінде алынған құжаттардың көп болуына немесе принтерде сақталған өңделмеген факс құжаттарының көп болуына байланысты принтердің жады жеткіліксіз болған кезде, факс жібере алмайсыз. Қабылдау жәшігіндегі немесе құпия жәшіктердегі қажет емес құжаттарды жойыңыз немесе қолжетімді жадты ұлғайту үшін өңделмеген құжаттарды өңдеңіз.
Шешімдер
Алушыдан алушының факс машинасы факсты алуға дайын екенін сұраңыз.
Шешімдер
Қосалқы мекенжай мүмкіндігі арқылы факсты абайсызда жібермегеніңізді тексеріңіз. Егер контактілер тізімінен қосалқы мекенжайы бар алушыны таңдасаңыз, факс қосалқы мекенжай мүмкіндігі арқылы жіберілуі мүмкін.
Шешімдер
Қосалқы мекенжай мүмкіндігі арқылы факстар жібергенде, алушыдан олардың факс құрылғысы қосалқы мекенжай мүмкіндігі арқылы жіберілетін факстарды алу мүмкіндігі бар екенін сұраңыз.
Шешімдер
Қосалқы мекенжай мүмкіндігі арқылы факстарды жібергенде осы қосалқы мекенжай мен құпия сөз дұрыс екенін тексеріңіз. Алушының қосалқы мекенжайы мен құпия сөзі сәйкес екенін тексеріңіз.