Құпиясөзді шифрлау принтерде сақталатын құпия ақпаратты (барлық құпиясөздер, куәліктің жеке кілттері) шифрлауға мүмкіндік береді.
Web Config қызметіне кіру үшін принтердің IP мекенжайын браузерге енгізіңіз.
Принтеріңізбен бірдей желіге қосылған компьютерден принтердің IP мекенжайын енгізіңіз.
Келесі мәзірден принтердің IP мекенжайын тексеруге болады.
Параметрлер > Жалпы параметрлер > Желі параметрлері > Желі күйі > Сымды LAN/Wi-Fi күйі
Әкімші ретінде кіру үшін әкімші құпиясөзін енгізіңіз.
Келесі ретпен таңдаңыз.
Product Security қойындысы > Password Encryption
Сондай-ақ принтердің басқару тақтасынан реттеуге болады.
Параметрлер > Жалпы параметрлер > Жүйе әкімшілігі > Қауіпсіздік параметрлері > Құпия сөзді кодтау
Шифрлауды қосу үшін ON таңдаңыз.
OK түймесін басыңыз.