> Басып шығару > Құжаттарды басып шығару > Компьютерден басып шығару — Windows > Құпиясөзбен қорғалған тапсырманы басып шығару

Құпиясөзбен қорғалған тапсырманы басып шығару

Басып шығару тапсырмасына принтердің басқару тақтасына құпия сөз енгізілгеннен кейін ғана басып шығаруды бастайтын етіп құпия сөз қоюға болады.

  1. Принтер драйверінің Қосымша опциялар қойындысынан Құпия тапсырма, таңдап, құпиясөз енгізіңіз, сосын OK түймесін басыңыз.

  2. Басқа элементтерді қажетінше орнатып, OK түймесін басыңыз.

  3. Басып шығару түймесін басыңыз.

  4. Тапсырманы басып шығару үшін, принтер басқару тақтасындағы негізгі терезеден Ішкі жадтан басып шығару параметрін таңдаңыз. Басып шығару қажет тапсырманы таңдап, құпия сөзді енгізіңіз.