Web Config арқылы контактілерді экспорттау

Принтер бұзылған жағдайда контактілердің деректері жоғалуы мүмкін. Деректерді жаңартқан сайын деректердің сақтық көшірмесін жасауды ұсынамыз. Epson кепілдік мерзімінде кез келген деректердің жоғалуына, деректерді және/немесе параметрлерді сақтық көшірмелеуге немесе қалпына келтіруге жауапты болмайды.

Web Config көмегімен принтерде сақталған контакт деректерін компьютерге сақтық көшірмелеуге болады.

  1. Web Config қызметіне кіру үшін принтердің IP мекенжайын браузерге енгізіңіз.

    Принтеріңізбен бірдей желіге қосылған компьютерден принтердің IP мекенжайын енгізіңіз.

    Келесі мәзірден принтердің IP мекенжайын тексеруге болады.

    Параметрлер > Жалпы параметрлер > Желі параметрлері > Желі күйі > Сымды LAN/Wi-Fi күйі

  2. Әкімші ретінде кіру үшін әкімші құпиясөзін енгізіңіз.

  3. Келесі ретпен таңдаңыз.

    Device Management қойындысы > Export and Import Setting Value > Export

  4. Contacts ұяшықтарың біріне құсбелгі қойыңыз.

    Мысалы, Contacts санатындағы Scan/Copy тармағын таңдасаңыз, Fax санатындағы сол ұяшық та таңдалады.

  5. Эспортталған файлды шифрлау үшін құпиясөзді енгізіңіз.

    Файлды импорттау үшін құпиясөзді енгізіңіз. Файлды шифрлағыңыз келмесе, осы үлгіні бос қалдырыңыз.

  6. Export түймесін басыңыз.