> Факсты қолдану > Принтерде факстарды қабылдау

Принтерде факстарды қабылдау

Егер принтер телефон желісіне жалғанса және негізгі параметрлер Факс параметрінің шебері мүмкіндігі арқылы аяқталса, факстарды алуға болады.

Алынған факстарды сақтауға, оларды принтердің экранында тексеруге және оларды қайта жіберуге болады.

Алынған факс принтердің бастапқы параметрлерінде басып шығарылады.

Факс параметрлерінің күйін тексеру қажет болғанда, Факс > (Қосымша) > Факс туралы есеп > Факс парам-ң тізімі параметрін таңдау арқылы Факс парам-ң тізімі парағын басып шығарыңыз.

Ескертпе:
  • Факсты қабылдаған кезде келесі әрекеттерді орындау мүмкін емес.

    - Бір уақытта басқа факстарды қабылдау

    - Факстар жіберу

  • Факсты қабылдаған кезде де факс жіберу операцияларын (тапсырманы брондауға дейін) орындай аласыз.

    Алайда сіз сақталуға келмейтін, мысалы Байлан.жоқ немесе Тікелей жіберу пайдалану арқылы жіберу сияқты тапсырмалар үшін факстар жіберу операцияларын орындай алмайсыз.