Құжаттарды сканерлеуге арналған бағдарлама (Document Capture Pro)

Document Capture Pro* — құжаттар сияқты түпнұсқаларды тиімді сканерлеуге мүмкіндік беретін бағдарлама.

Суреттерді сақтау әдісі осы қосымшада тапсырма ретінде тіркелген. Бірнеше операцияларды алдын ала тапсырма ретінде тіркеп, сіз барлық жұмысты жай таңдау арқылы жасай аласыз. Сканерленген кескіндерді компьютерге сақтау мүмкіндігін беретін алдын ала орнатылған тапсырмалар қолжетімді.

Мүмкіндіктерді пайдалану мәліметтерін алу үшін Document Capture Pro анықтамасын қараңыз.

Ескертпе:
  • Тапсырмаларды компьютерден ғана емес, желі арқылы қосылған принтердің басқару тақтасынан да орындай аласыз.

  • Document Capture Pro бағдарламасы Windows Vista/Windows XP қолдайды.

* Атаулар Windows жүйесіне арналған. Mac OS үшін атауы — Document Capture. Windows Server үшін атауы — Document Capture Pro Server.

Windows жүйесінде іске қосу
  • Windows 10/Windows Server 2019/Windows Server 2016

    Бастау түймесін басыңыз, содан соң Epson Software > Document Capture Pro тармағын таңдаңыз.

  • Windows 8.1/Windows 8/Windows Server 2012 R2/Windows Server 2012

    Іздеу жолағына бағдарлама атын енгізіп, көрсетілетін белгіні таңдаңыз.

  • Windows 7/Windows Server 2008 R2

    Бастау түймесін басыңыз, содан соң Барлық бағдарлама > Epson Software > Document Capture Pro параметрін таңдаңыз.

Mac OS жүйесінде іске қосу

Өту > Қолданбалар > Epson Software > Document Capture тармағын таңдаңыз.