Алдын ала орнатуларды қосу/жою:
Жиі пайдаланылатын басып шығару параметрлері үшін өз алдын ала орнатуларыңызды қосуға не жоюға болады. Тізімнен пайдалану қажет алдын ала орнатуды таңдаңыз.
Ағымдағы уақытта Басты және Қосымша опциялар қойындыларында орнатылған элементтердің тізімін көрсетеді. Ағымдағы параметр тізімі экранын көрсетуге немесе жасыруға болады.
Барлық параметрлерді олардың зауыттық әдепкі мәндеріне қайтарыңыз. Сондай-ақ, Басты қойындысындағы параметрлер әдепкі параметрлерге қайтарылады.
Басып шығару кезінде құпия құжаттарды қорғау үшін құпия сөзді орнату үшін Құпия тапсырма таңдаңыз. Егер осы мүмкіндікті пайдалансаңыз, басып шығару деректері принтерде сақталады және принтердің басқару тақтасы арқылы құпия сөзді енгізілгеннен кейін ғана басып шығаруға болады. Параметрлерді өзгерту үшін Құпия тапсырма баптаулары түймесін басыңыз.
Кескіндердің реңкін автоматты түрде реттейді.
Түсті қолмен түзетуді орындауға мүмкіндік береді. Жетілдірілген түймесін бассаңыз, түс түзетудің толық әдісін таңдауға болатын Түс түзетуі экраны ашылады. Түрлі-түсті әмбебап басып шығару, Көз қызыл-н түзету, жіңішке сызықтарды қанығырақ басып шығару мүмкіндігін қосу үшін Сурет опциялары түймесін басыңыз.
Көшіруге қарсы үлгілерге, су белгілеріне немесе жоғарғы және төменгі деректемелерге арналған реттеулерді жасауға мүмкіндік береді.
Пайдалану қажет көшіруге қарсы үлгілерін немесе су белгілерін қосуға немесе жоюға мүмкіндік береді.
Көшіруге қарсы үлгілерге немесе су белгілеріне басып шығару әдісін орнатуға мүмкіндік береді.
Пайдаланушы аты мен басып шығару күні сияқты ақпаратты жоғарғы немесе төменгі деректемеде басып шығаруға болады.
Беттерді басып шығарудан бұрын 180 градусқа бұрады. Принтерде бекітілген бағытта жүктелетін хатқалталар сияқты қағазда басып шығарғанда осы элементті таңдаңыз.