(Опциялар):
Кескін деректерін ретін жасау, таңдау және таңдаудан алудың реттеулерін жасаңыз.
Қағ.прм.
Басып шығару қажет қағаз көзінің параметрлерін көрсетіңіз.
Түс режимі
Ақ ж/е қара немесе Түс параметрінде қалыпты түрде басып шығаратын түс параметрін таңдаңыз.
Орналасу
JPEG файлдарын орналастыру әдісін таңдаңыз. 1 кескін бір файлды әрбір параққа басып шығару үшін арналған. 20 кескін 20 файлды әрбір параққа басып шығару үшін арналған. Индекс ақпараты бар индексті жасау үшін арналған.
Жақтауды бейімдеу
Таңдалған басып шығару орнына автоматты түрде сәйкестендіру үшін кескінді кесу мақсатында Қосу параметрін таңдаңыз. Кескін деректері мен қағаз өлшемінің пропорциялары әртүрлі болса, қысқа шеттер қағаздың қысқа шеттерімен сәйкес болатындай етіп кескін автоматты түрде үлкейеді немесе кішірейеді. Кескіннің ұзын шеті қағаздың ұзын шетінің сыртына шығып тұрса, қиып алынады. Бұл мүмкіндік панорамалық фотосуреттер үшін жұмыс істемеуі мүмкін.
Сапа
Жоғарырақ басып шығару сапасы үшін Жоғары сапалы параметрін таңдаңыз, бірақ басып шығару жылдамдығы төмендеуі мүмкін.
Күні
Түсірілген немесе сақталған фотосурет күнінің пішімін таңдаңыз. Кейбір пішімдер үшін күн басып шығарылмайды.
Фотосуретті түзету
Фотосуреттің жарықтығын, анықтығын және қанықтығын автоматты түрде жақсарту үшін осы режимді таңдаңыз. Автоматты түрде жақсаруды өшіру үшін Жақсарту өшірулі параметрін таңдаңыз.
Қыз.көз әсерін түз.
Фотосуреттердегі қызыл көз әсерлерін автоматты түрде түзету үшін Қосу параметрін таңдаңыз. Түзетулер түпнұсқа файлына емес, тек баспаларға қолданылады. Фотосуреттің түріне байланысты кескіннің көзден басқа бөліктері түзетілуі мүмкін.