TIFF параметрлері

Жад құрылғыларында TIFF пішіміндегі файлдарының басып шығару реттеулерін жасауға болады.

(Көрсету тәртібі):

Файлдардың ретін өзгертеді.

Нег.параметрлер:
  • Қағ.прм.

    Басып шығару қажет қағаз көзінің параметрлерін көрсетіңіз.

  • Түс режимі

    Ақ ж/е қара немесе Түс параметрінде қалыпты түрде басып шығаратын түс параметрін таңдаңыз.

Қосымша:
  • Орналасу

    Multi-TIFF файлының орналасу әдісін таңдаңыз. 1 кескін бір бетті әрбір параққа басып шығару үшін арналған. 20 кескін 20 бетті әрбір параққа басып шығару үшін арналған. Индекс ақпараты бар индексті жасау үшін арналған.

  • Жақтауды бейімдеу

    Таңдалған фотосуреттің орнына автоматты түрде сәйкестендіру үшін фотосуретті кесу мақсатында Қосу параметрін таңдаңыз. Кескін деректері мен қағаз өлшемінің пропорциялары әртүрлі болса, қысқа шеттер қағаздың қысқа шеттерімен сәйкес болатындай етіп кескін автоматты түрде үлкейеді немесе кішірейеді. Кескіннің ұзын шеті қағаздың ұзын шетінің сыртына шығып тұрса, қиып алынады. Бұл мүмкіндік панорамалық фотосуреттер үшін жұмыс істемеуі мүмкін.

  • Сапа

    Жоғарырақ басып шығару сапасы үшін Жоғары сапалы параметрін таңдаңыз, бірақ басып шығару жылдамдығы төмендеуі мүмкін.

  • Басып шығару реті

    Бірнеше бетті TIFF файлдарын басып шығару ретін таңдаңыз.

  • Күні

    Түсірілген немесе сақталған фотосурет күнінің пішімін таңдаңыз. Кейбір пішімдер үшін күн басып шығарылмайды.