Орындарды Web Config арқылы топ ретінде тіркеу

Егер орын түрі Fax немесе Email параметріне орнатылса, орындарды топ ретінде тіркеуге болады.

  1. Web Config параметріне кіріп, Scan/Copy немесе Fax қойындысы > Contacts тармағын таңдаңыз.

  2. Тіркеу қажет нөмірді таңдап, Edit түймесін басыңыз.

  3. Type бөлімінен топты таңдаңыз.

  4. Contact(s) for Group параметрі үшін Select түймесін түртіңіз.

    Қолжетімді орындар көрсетіледі.

  5. Топқа тіркеу қажет орынды таңдап, Select түймесін басыңыз.

  6. Name және Index Word мәнін енгізіңіз.

  7. Тіркелген топты жиі пайдаланылатын топқа тағайындауды не тағайындамауды таңдаңыз.

    Ескертпе:

    Орындарды бірнеше топқа тіркеуге болады.

  8. Apply түймесін басыңыз.