Android құрылғыларына Wi-Fi Direct арқылы қосылу

Бұл әдіс принтерді Android құрылғысына сымсыз маршрутизаторсыз тікелей қосуға мүмкіндік береді. Осы функцияға келесі шарттар қажет.

  • Android 4.4 немесе кейінгі нұсқасы

  • Epson iPrint 7.0 немесе кейінгі нұсқасы

Epson iPrint смарт-құрылғыдан басып шығаруға пайдаланылады. Алдымен смарт-құрылғыда Epson iPrint қолданбасын орнатыңыз.

Ескертпе:

Осы параметрлерді принтерге және қосқыңыз келетін смарт-құрылғыға ғана жасауыңыз керек. Wi-Fi Direct функциясын өшірсеңіз де немесе желі параметрлерін әдепкі мәндеріне қойсаңыз да, осы параметрлерді қайта реттеу қажет емес.

  1. Негізгі экрандағы түймесін түртіңіз.

  2. Wi-Fi Direct түймесін түртіңіз.

  3. Орнатуды бастау түймесін түртіңіз.

  4. Android түймесін түртіңіз.

  5. Смарт-құрылғыда Epson iPrint функциясын іске қосыңыз.

  6. Epson iPrint терезесінде Printer is not selected. түймесін түртіңіз.

  7. Қосылғыңыз келген принтерді таңдаңыз.

    Принтерді таңдау үшін принтердің басқару тақтасында көрсетілген ақпаратты таңдаңыз.

    Ескертпе:

    Принтерлер Android құрылғысына байланысты көрсетілмеуі мүмкін. Принтерлер көрсетілмесе, Басқа операциялық жүйедегі құрылғылар параметрін таңдау арқылы қосылыңыз. Қосылу туралы мәліметтер алу үшін төмендегі қатысты ақпарат сілтемесін қараңыз.

  8. Құрылғы байланысын мақұлдау терезесі көрсетілген кезде, Мақұлдау параметрін таңдаңыз.

  9. Принтердің басқару тақтасында Аяқталды тармағын таңдаңыз.

Принтерге бұрын қосылған смарт-құрылғыларды қайта қосу үшін смарт-құрылғының Wi-Fi желісінде желі атауын (SSID) таңдаңыз.