3 дейінгі қағаз кассетасы құрылғыларын орнатуға болады.
Принтер өшірілгендігін тексеріңіз, қуат сымын принтерден ажыратып, кез келген кабельді ажыратыңыз. Керісінше жағдайда қуат сымы зақымданып, өрт не электр тогы соғуына әкелуі мүмкін.
Принтерді көтеру кезінде қолдарыңызды төменде көрсетілген күйге қойыңыз. Принтерді басқа күйлерден көтерсеңіз, принтер құлауы немесе оны қою кезінде саусақтарыңызды қысып қалуы мүмкін.

Принтер тіреуішін пайдаланатын болсаңыз, оны қағаз кассетасы құрылғысының астына алдын ала орнатыңыз.
түймесін басу арқылы принтерді өшіріңіз және қуат сымын ажыратыңыз.
Қандай да бір қосылған кабельдерді ажыратыңыз.
Басқа қағаз кассетасы құрылғылары орнатылса, оларды да шығарыңыз.
Шығыс науасын алып тастаңыз.

Қағаз кассетасын қорабынан шығарып, қандай да бір қорғаныш материалдарды алып тастаңыз.
Ұсынылатын элементтерді тексеріңіз.

Қағаз кассетасын принтерді орнататын жерге қойыңыз.
Қара сия мен қағаз кассетасына арналған сия салынған контейнердің науасын шығарып алыңыз.

Егер бірнеше кассета құрылғыларын пайдалансаңыз, барлық қағаз кассетасы құрылғыларын бірінің үстіне бірін қойып, болттармен бекітіңіз.

Принтерді қағаз кассетасына бұрыштарын туралай отырып, абайлап салыңыз да, болттармен бекітіңіз.

Жинаудан кейін кейбір бұрандалар қалдырылуы тиіс.
Қағаз кассетасы құрылғысын құралдармен және болттармен бекітіңіз.

Кассетаға салынатын қағаз өлшемін көрсететін белгіні тұтқаға енгізіңіз.

Қара сия мен қағаз кассетасына арналған сия салынған контейнердің науасын салыңыз.
Кассета нөмірін көрсететін жапсырманы орналастырыңыз.

Шығыс науасын салыңыз.

Қуат сымын және басқа кабельдерді қайта қосып, принтерге қосыңыз.
түймесін басып, принтерді қосыңыз.
түймесін басып, орнатылған қағаз кассетасы құрылғысы Қағ.прм. экранында көрсетілгенін тексеріңіз.
Қағаз кассетасы құрылғысын жою кезінде принтерді өшіріп, қуат сымын ажыратыңыз, кабельдерді ажыратып, орнату процедурасын керісінше жүргізіңіз.
Принтер драйвері параметрлерін орнатуды жалғастырыңыз.