Қосымша

Негізгі экрандағы Факс тармағында параметрін таңдасаңыз, Қосымша мәзірі көрсетіледі.

Жіберу журналы:

Жіберілген немесе алынған факс тапсырмаларын тексеруге болады.

Сондай-ақ, Job/Status бөлімінен жіберілген немесе алынған факс тапсырмаларының журналын тексеруге болатынын ескеріңіз.

Факс туралы есеп:
Соңғы берілім:

Жіберілген немесе сұрау арқылы алынған алдыңғы факс үшін есеп басып шығарады.

Факс журналы:

Тасымалдау есебін басып шығарады. Төмендегі мәзірдің көмегімен осы есепті автоматты түрде басып шығару орнатуға болады.

Параметрлер > Жалпы параметрлер > Факс параметрлері > Есеп параметрлері > Факс журналын автоматты басып шығару

Сактаулы факс құжаттар:

Аяқталмаған тапсырмалар сияқты принтердің жадында сақталған факс құжаттарының тізімін басып шығарады.

Факс парам-ң тізімі:

Ағымдағы факс параметрлерін басып шығарады.

Шартты сақтау/бағ.өзгерту тіз.:

Шартты сақтау/Қайта жіберу тізімін басып шығарады.

Протокол жазбасы:

Жіберілген немесе алынған алдыңғы факс үшін толық есепті басып шығарады.

Кеңейтілген факс:
Қабылдауды сұрау:

Ол Қосу күйіне орнатылғанда және жіберушінің факс нөміріне қоңырау шалғанда, жіберушінің факс құрылғысынан құжаттарды алуға болады. Қабылдауды сұрау мүмкіндігі арқылы факстарды алу әдісі туралы мәліметтерін төмендегі қатысты ақпараттан қараңыз.

Факс мәзірінен шыққанда, параметрі Өш. күйіне (әдепкі) оралады.

Сұрау бойынша жіберу/ Тақта:

Қабылдап жіберу жәшігін немесе хабарландыру тақтасының жәшігін таңдау арқылы осы параметр Қосу күйіне орнатылғанда, құжаттарды Факс параметрлері қойындысындағы параметрін түрту арқылы таңдаған жәшікке сканерлеуге және сақтауға болады.

Қабылдап жіберу жәшігіне бір құжатты сақтауға болады. Принтерде 10 құжатқа дейін және 10 хабарландыру тақтасына дейін сақтауға болады, бірақ құжаттарды сақтаудың алдында оларды Факс қорабы бөлімінен тіркеу қажет. Хабарландыру тақтасының жәшігін тіркеу әдісі туралы мәліметтерін төмендегі қатысты ақпараттан қараңыз.

Факс мәзірінен шыққанда, параметрі Өш. күйіне (әдепкі) оралады.

Фкс дер.сқт:

Осы параметрі Қосу күйіне орнатылғанда және Факс параметрлері қойындысындағы түймесін түрткенде, құжаттарды Сақталған құжаттар жәшігіне сканерлеуге және сақтауға болады. 10 құжатқа дейін сақтауға болады.

Сондай-ақ, құжаттарды Факс қорабы жәшігінен Сақталған құжаттар жәшігіне сканерлеуге және сақтауға болады. Құжаттарды Факс қорабы бөлімінен сақтау әдісі туралы мәліметтерін төмендегі қатысты ақпараттан қараңыз

Факс мәзірінен шыққанда, параметрі Өш. күйіне (әдепкі) оралады.

Факс қорабы:

Негізгі экрандағы Факс қорабы бөліміне кіреді.

Факс параметрлері:

Параметрлер > Жалпы параметрлер > Факс параметрлері бөліміне кіреді. Параметр мәзіріне әкімші ретінде кіріңіз.