Арнайы шарттары бар факстарды алу үшін сақтау реттеулерін жасау

Алынған факстарды көрсетілген жіберушіден көрсетілген уақытта кіріс жәшігіне және сыртқы жад құрылғысына сақтау үшін параметрлерді реттеуге болады. Факсты құпия жәшікке немесе кіріс жәшігіне сақтау, принтер факсты басып шығару алдында принтердің СКД экранында факсты көру арқылы алынған факстың мазмұндарын тексеруге мүмкіндік береді.

Алынған факстарды белгілі бір уақытта сақтау мүмкіндігін пайдалану алдында, принтердің Күн/Уақыт және Уақыт айырмашылығы параметрлері дұрыс реттелгеніне көз жеткізіңіз. Мәзірге кіру үшін, Параметрлер > Жалпы параметрлер > Нег.параметрлер > Күн/Уақыт параметрлері тармағын таңдаңыз.

Ескертпе:
  • Сақтау параметрлерін факстарды алуға реттеу үшін принтердің басқару тақтасын пайдалануды қоса, Web Config параметрін пайдалануға болады. Fax қойындысын > Сақтау/бағытын өзгерту пар-лері > Шартты сақтау/бағытын өзгерту параметрін таңдап, құпия жәшіктің санын таңдаңыз, содан соң Edit параметрін таңдап, сақтау орнының параметрлерін реттеңіз.

  • Сондай-ақ, бір уақытта алынған факстарды басып шығаруға және/немесе қайта жіберуге болады. Жоғарыда көрсетілген Edit экранында параметрлерді реттеңіз.

  1. Принтердің басқару тақтасында Параметрлер тармағын таңдап, Жалпы параметрлер > Факс параметрлері опциясын таңдаңыз.

  2. Қабылдау параметрлері > Сақтау/бағытын өзгерту пар-лері > Шартты сақтау/бағытын өзгерту параметрін таңдаңыз, содан соң Шартты сақтау/бағытын өзгерту бөлімінің астындағы тіркелмеген жәшіктегі түймесін түртіңіз.

  3. Аты ұяшығын таңдап, тіркеу қажет атауды енгізіңіз.

  4. Шарттарды орнату үшін Шарт(тар) ұяшығын таңдаңыз.

    • Жіб.факс нөм.сәйк: Егер кіріс факс нөмірі осы элементте таңдаған шарттарға сәйкес келсе, принтер алынған факстарды сақтап, қайта жібереді.
      Жіб.факс нөм.сәйк ұяшығын таңдау арқылы Факс нөмірі шартын таңдап, факс нөмірін (макс. 20 цифр) енгізіңіз.
    • Қосалқы мекенжай (SUB) сәйкестігі: Егер қосалқы мекенжай (SUB) дәл сәйкес болса, принтер алынған факстарды сақтап, қайта жібереді.
      Қосалқы мекенжай (SUB) ұяшығын таңдау арқылы Қосалқы мекенжай (SUB) сәйкестігі параметрін қосып, құпиясөзді енгізіңіз.
    • Бас тарту (SID) сәйкестігі: Егер құпиясөз (SID) дәл сәйкес келсе, принтер алынған факстарды сақтап, қайта жібереді.
      Бас тарту (SID) сәйкестігі ұяшығын таңдау арқылы Құпия сөз(SID) параметрін қосып, құпиясөзді енгізіңіз.
    • Қабылдау уақыты: Көрсетілген уақыт аралығында принтер алынған факстарды сақтап, қайта жібереді.
      Қабылдау уақыты параметрін қосып, Басталу уақыты және Аяқталу уақыты бөлімінде уақытты орнатыңыз.
  5. Сақтау/бағытын өзгерту тағайындалған орны параметрін таңдаңыз, содан соң мақсатты орын, жәшік және/немесе сыртқы жад құрылғысына арналған реттеулерді жасаңыз.

    • Алынған факстарды Кіріс жәшігі жәшігіне немесе құпия жәшікке сақтау үшін:
      Факс құрылғысына сақтау параметрін таңдаңыз.
      Мұны Қосу күйіне орнату үшін Факс құрылғысына сақтау түймесін түртіңіз.
      Құжат сақталатын жәшікті таңдаңыз.
    • Қабылданған факстарды сыртқы жад құрылғысына сақтау үшін:
      Жад құрылғысын принтердің сыртқы интерфейсінің USB портына салыңыз.
      Жад құрылғысына сақтау параметрін таңдаңыз.
      Мұны Қосу күйіне орнату үшін Жад құрылғысына сақтау түймесін түртіңіз.
      Көрсетілетін хабарды тексеріп, Жасау опциясын түртіңіз.
      Алынған құжаттарды сақтауға арналған қалта жад құрылғысында жасалады.
      Маңызды:

      Құжаттар принтерге қосылған жад құрылғысына сақталмас бұрын қабылданған құжаттар принтердің жадына уақытша сақталады. Жадтың толып кетуі туралы қате факстарды жіберуді және қабылдауды өшіретіндіктен, принтерге қосылған жад құрылғысын ажыратпаңыз.

    Ескертпе:

    Алынған факстарды бір уақытта басып шығару мақсатында мұны Қосу күйіне орнату үшін Басып шығару түймесін түртіңіз.

  6. Сақтау/бағытын өзгерту тағайындалған орны параметрлерін аяқтау үшін Жабу опциясын таңдаңыз.

    Ескертпе:

    Сақтау аяқталғанда, факстарды сақтаудың нәтижелері туралы адамдарға электрондық хабарларды жіберу үшін принтерді орнатуға болады. Қажет болса, Эл.пошта хабарланд-ры параметрін таңдап, процестерді орнатыңыз, содан соң контактілер тізімінен хабарландыруларды жіберу қажет орынды таңдаңыз.

  7. Шартты сақтау/бағытын өзгерту параметрін аяқтау үшін, Сақтау/бағытын өзгерту пар-лері экранына оралғанша OK параметрін таңдаңыз.

  8. Шарттарды орнатуды жасаған тіркелген ұяшықты таңдап, Қосу параметрін таңдаңыз.

Бұл шартты сақтау параметрлерін факстарды алуға реттеуді аяқтайды. Қажет болса, Жалпы параметрлер параметрін орнатуға болады. Толық мәліметтерді Сақтау/бағытын өзгерту пар-лері мәзіріндегі Жалпы параметрлер бойынша түсініктемеден қараңыз.