CA Certificate файлын принтерге импорттаңыз.
Web Config қызметіне кіру үшін принтердің IP мекенжайын браузерге енгізіңіз.
Принтеріңізбен бірдей желіге қосылған компьютерден принтердің IP мекенжайын енгізіңіз.
Келесі мәзірден принтердің IP мекенжайын тексеруге болады.
Параметрлер > Жалпы параметрлер > Желі параметрлері > Желі күйі > Сымды LAN/Wi-Fi күйі
Әкімші ретінде кіру үшін әкімші құпиясөзін енгізіңіз.
Келесі ретпен таңдаңыз.
Network Security қойындысы > CA Certificate
Import түймесін басыңыз.
Импорттау қажет CA Certificate сертификатын көрсетіңіз.
OK түймесін басыңыз.
Импорттау аяқталғанда, сіз CA Certificate экранына ораласыз және импортталған CA Certificate сертификаты көрсетіледі.