Жиі пайдаланылатын басып шығару параметрлері үшін өз алдын ала орнатуларыңызды қосуға не жоюға болады. Тізімнен пайдалану қажет алдын ала орнатуды таңдаңыз.
Құжат өлшемі
Басып шығару қажет қағаз өлшемін таңдаңыз.
Шығыс қағазы
Басып шығару қажет қағаз өлшемін таңдаңыз. Егер Құжат өлшемі параметрі Шығыс қағазы өлшемінен өзгеше болса, Құжатты кішірейту/үлкейту параметрі автоматты түрде таңдалады. Құжаттың өлшемін кішірейтпей немесе үлкейтпей басып шығарғанда оны таңдау қажет емес.
Құжатты кішірейту/үлкейту
Құжаттың өлшемін азайтуға немесе ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Бетке қиыстыру
Шығыс қағазы бөлімінде таңдалған қағаз өлшеміне сыйдыру үшін құжатты автоматты түрде азайту немесе ұлғайту.
Масштаб
Арнайы пайызбен басып шығарады.
Ортада
Кескіндерді қағаздың ортасында басып шығарады.
Тонды түзету құр-ы
Автоматты
Кескіндердің реңкін автоматты түрде реттейді.
Өзгертпелі
Реңкті қолмен түзетуді орындауға мүмкіндік береді. Қосымша параметрлерді алу үшін Жетілдірілген түймесін басыңыз.
Сурет опциялары
Мәтінді бөлектеу сияқты басып шығару сапасының опцияларын қосады. Сондай-ақ, жіңішке сызықтарды басып шығаруларда көрінетін ету үшін оларды қалыңдатуға болады.
Су таңбасы мүмкіндіктері
Көшіруге қарсы үлгілерге, су белгілеріне немесе жоғарғы және төменгі деректемелерге арналған реттеулерді жасауға мүмкіндік береді.
Қосу/Жою
Пайдалану қажет көшіруге қарсы үлгілерін немесе су белгілерін қосуға немесе жоюға мүмкіндік береді.
Параметрлер
Көшіруге қарсы үлгілерге немесе су белгілеріне басып шығару әдісін орнатуға мүмкіндік береді.
Деректер атаулары
Пайдаланушы аты мен басып шығару күні сияқты ақпаратты жоғарғы немесе төменгі деректемеде басып шығаруға болады. Содан соң, қаріпті, өлшемді немесе мәнерді орнатыңыз.
Қосымша параметрлер
180° бұру
Беттерді басып шығарудан бұрын 180 градусқа бұрады. Принтерде бекітілген бағытта жүктелетін хатқалталар сияқты қағазда басып шығарғанда осы элементті таңдаңыз.
Екі бағытты басып шығару
Басып шығару механизмі екі бағытқа жылжыған кезде басып шығарады. Басып шығару жылдамдығы жоғары, бірақ сапасы төмендеуі мүмкін.
Айна
Кескін айналы түрде басып шығарылатындай етіп түрлендіреді.
Параметрлерді көрсету/Параметрлерді жасыру
Ағымдағы уақытта Басты және Қосымша опциялар қойындыларында орнатылған элементтердің тізімін көрсетеді. Ағымдағы параметр тізімі экранын көрсетуге немесе жасыруға болады.
Әдепкі параметрлерді қалпына келтіру
Барлық параметрлерді олардың зауыттық әдепкі мәндеріне қайтарыңыз. Сондай-ақ, Басты қойындысындағы параметрлер әдепкі параметрлерге қайтарылады.