SSID сияқты Wi-Fi Direct (қарапайым AP) параметрлерін өзгерту

Wi-Fi Direct (қарапайым AP) қызметі іске қосылғанда, параметрлерді > Wi-Fi Direct > Орнатуды бастау > тармағынан өзгертуге болады, әрі содан кейін келесі мәзір элементтері көрсетіледі.

Желі атауын өзгерту

Принтерге қосылуға пайдаланылатын Wi-Fi Direct (қарапайым AP) желі атауын (SSID) қалаған атауыңызға өзгертіңіз. Желі атауын (SSID) басқару тақтасының виртуалдық пернетақтасында көрсетілетін ASCII таңбаларымен орната аласыз. 22 таңбаға дейін енгізуге болады.

Желі атауын (SSID) өзгерткен кезде, барлық қосылған құрылғылар ажыратылады. Құрылғыны қайта қосқыңыз келсе, жаңа желі атауын (SSID) пайдаланыңыз.

Құпия сөзді өзгерту

Принтерге қосылуға пайдаланылатын Wi-Fi Direct (қарапайым AP) құпиясөзін қалаған мәнге өзгертіңіз. Құпиясөзі басқару тақтасының виртуалдық пернетақтасында көрсетілетін ASCII таңбаларымен орната аласыз. 8 – 22 таңба аралығында енгізуге болады.

Құпиясөзді өзгерткен кезде, барлық қосылған құрылғылар ажыратылады. Құрылғыны қайта қосқыңыз келсе, жаңа құпиясөзді пайдаланыңыз.

Жиілік диапазонын өзгерту

Принтерге жалғауға пайдаланылатын Wi-Fi Direct мүмкіндігінің жиілік ауқымын өзгертіңіз. 2,4 ГГц немесе 5 ГГц жиілігін таңдауға болады.

Жиілік ауқымын өзгерткенде, барлық жалғанған құрылғылар ажыратылады. Құрылғыны қайта жалғаңыз.

5 ГГц жиілігіне өзгерткенде 5 ГГц жиілік ауқымын қолдамайтын құрылғылардан қайта жалғау мүмкін емес екенін ескеріңіз.

Wi-Fi Direct өшіру

Принтердің Wi-Fi Direct (қарапайым AP) параметрлерін өшіріңіз. Оны өшірген кезде, принтерге Wi-Fi Direct (қарапайым AP) байланысы арқылы қосылған барлық құрылғылар ажыратылады.

Әдепкі парам. қалп. келтіру

Барлық Wi-Fi Direct (қарапайым AP) параметрлерін оның әдепкі мәндеріне қайтарыңыз.

Принтерге сақталған смарт құрылғының Wi-Fi Direct (қарапайым AP) байланыс ақпараты өшіріледі.