Жарамды IP мекенжайы принтерге тіркелмеуі мүмкін. Принтердің басқару тақтасы арқылы IP мекенжайын конфигурациялаңыз. Желінің күй парағы арқылы немесе принтердің басқару тақтасынан ағымдағы параметр туралы ақпаратты растауға болады.
SSL/TLS протоколында Encryption Strength параметрі бар. Төменде көрсетілгендей жаппай шифрлауларды қолдайтын веб-браузерін пайдалану арқылы Web Config бөлімін ашуға болады. Қолдау көрсетілетін браузерді пайдаланып жатқаныңызды тексеріңіз.
80 биттік: AES256/AES128/3DES
112 биттік: AES256/AES128/3DES
128 биттік: AES256/AES128
192 биттік: AES256
256 биттік: AES256
TLS 1.2 немесе одан кейінгі нұсқасымен байланысу қажет.
TLS 1.0 немесе 1.1 нұсқасы бастапқыда ажыратылған.
Егер TLS 1.0 немесе 1.1 нұсқасымен байланысу қажет болса, алдымен TLS 1.2 немесе одан кейінгі нұсқасымен байланыса алатын құрылғыдан Web Config функциясына кіріп, содан соң TLS 1.0 немесе 1.1 нұсқасын қосыңыз.
Егер сертификаттың жарамдылық мерзіміне қатысты проблема болса, Web Config қолданбасына SSL/TLS байланысы (https) арқылы жалғанғанда «Сертификаттың мерзімі бітті» хабары көрсетіледі. Егер оның жарамдылық мерзіміне дейін хабар пайда болса, принтердің күні дұрыс конфигурацияланғанын тексеріңіз.
Егер сертификат пен принтердің жалпы атауы сәйкес келмесе, SSL/TLS байланысы (https) арқылы Web Config бөліміне кіргенде «Қауіпсіздік сертификатының атауы сәйкес емес···» хабары көрсетіледі. Бұл келесі IP мекенжайлардың сәйкессіздігінен болады.
Self-signed Certificate немесе CSR параметрін жасауға арналған жалпы атауға енгізілген принтердің IP мекенжайы
Web Config қолданбасы іске қосылғанда веб-браузерге енгізілген IP мекенжайы
Self-signed Certificate үшін сертификатты жаңартыңыз.
CA-signed Certificate үшін принтердің сертификатын қайта пайдаланыңыз.
Принтер прокси серверді пайдалануға орнатылғанда, браузерді прокси сервері арқылы жергілікті мекенжайға жалғанбайтындай етіп конфигурациялаңыз.
Windows:
Басқару тақтасы > Желі және интернет > Интернет опциялары > Қосылымдар > LAN параметрлері > Прокси сервер параметрін таңдаңыз, содан соң LAN желісі (жергілікті мекенжайлар) үшін прокси сервер пайдаланылмайтындай етіп конфигурациялаңыз.
Mac OS:
Жүйе параметрлері > Желі > Кеңейтілген > Проксилер параметрін таңдаңыз, содан соң Осы хосттар мен домендер үшін прокси параметрлерін айналып өту параметрі үшін жергілікті мекенжайды тіркеңіз.
Мысалы:
192.168.1.*: 192.168.1.XXX жергілікті мекенжайы, 255.255.255.0 қосалқы желі маскасы
192.168.*.*: 192.168.XXX.XXX жергілікті мекенжайы, 255.255.0.0 қосалқы желі маскасы