Желіге жалғау мүмкін емес

Проблема келесі ақаулардың біреуі болуы мүмкін.

Wi-Fi қосылымына арналған желі құрылғыларына қатысты бірнәрсе дұрыс болмады.

Шешімдер

Желіні қосу қажет құрылғыларды өшіріңіз. Шамамен 10 секунд күтіп, құрылғыларды келесі ретпен қосыңыз; сымсыз маршрутизатор, компьютер немесе смарт құрылғы, содан соң принтер. Радио толқынды байланысты жақсарту үшін принтерді және компьютерді немесе смарт құрылғыны сымсыз маршрутизаторға жақындатып, желі реттеулерін қайта жасаңыз.

Құрылғылар сымсыз маршрутизатордан сигналдарды ала алмайды, себебі олар бір бірінен тым алыс.

Шешімдер

Компьютерді немесе смарт құрылғыны және принтерді сымсыз маршрутизаторға жақынырақ жылжытқаннан кейін, сымсыз маршрутизаторды өшіріңіз, содан соң оны қайта қосыңыз.

Сымсыз маршрутизаторды өзгерткенде, параметрлер жаңа маршрутизаторға сәйкес емес.

Шешімдер

Олар жаңа сымсыз маршрутизаторға сәйкес болуы үшін қосылым реттеулерін жасаңыз.

Компьютерден немесе смарт құрылғыдан және компьютерден жалғанған SSID идентификаторлары әртүрлі.

Шешімдер

Бір уақытта бірнеше сымсыз маршрутизаторды пайдаланғанда немесе сымсыз маршрутизаторда бірнеше SSID идентификаторы болғанда және құрылғылар әртүрлі SSID идентификаторына жалғанғанда, сымсыз маршрутизаторға жалғау мүмкін емес.

Компьютерді немесе смарт құрылғыны принтердің SSID идентификаторына қосыңыз.

Сымсыз маршрутизаторда құпиялылық бөлгіш қолжетімді.

Шешімдер

Көпшілік сымсыз маршрутизарларда бірдей SSID ішінде құрылғылар арасында байланысты блоктайтын бөлгіш функциясы бар. Егер принтер мен компьютер немесе смарт құрылғы бірдей желіге қосыла да, олардың арасында байланысу мүмкін емес болса, сымсыз маршрутизатордағы бөлгіш функциясын ажыратыңыз. Мәліметтер алу үшін сымсыз маршрутизатормен бірге берілген нұсқаулықты қараңыз.

IP мекенжайы дұрыс емес тағайындалған.

Шешімдер

Принтерге тағайындалған IP мекенжайы 169.254.XXX.XXX және қосалқы желі маскасы 255.255.0.0 болса, IP мекенжайының дұрыс тағайындалмауы мүмкін.

Принтердің басқару тақтасындағы Параметрлер > Жалпы параметрлер > Желі параметрлері > Қосымша > TCP/IP таңдап, содан соң IP мекенжайы мен қосалқы желі маскасы принтерге тағайындалғанын тексеріңіз.

Сымсыз маршрутизаторды қайта іске қосыңыз немесе принтердің желілік параметрлерін қайта орнатыңыз.

Принтер желілік параметрлері дұрыс болмаса, принтердің желілік параметрлерін желі ортасына сәйкес қайта конфигурациялаңыз.

Бұл компьютердегі желі параметрлеріне қатысты проблема болып табылады.

Шешімдер

Компьютердің желі реттеулері дұрыс екенін тексеру үшін компьютерден қандай да бір веб-сайтқа кіріп көріңіз. Егер қандай да бір веб-сайтқа кіру мүмкін болмаса, онда компьютерде проблема бар.

Компьютердің желі қосылымын тексеріңіз. Мәліметтер алу үшін компьютермен бірге берілген құжаттаманы қараңыз.

Принтер IEEE 802.3az (Энергия үнемдейтін Ethernet) стандартын қолдайтын құрылғыларды пайдаланып Ethernet арқылы жалғанды.

Шешімдер

Принтерді IEEE 802.3az (Энергия үнемдейтін Ethernet) жүйесін қолдайтын құрылғылардың көмегімен Ethernet желісіне қосқан кезде, ағымдағы сәтте қолданылатын хабқа немесе маршрутизаторға тәуелді келесідей проблемалар туындауы мүмкін.

  • Байланыс тұрақсыз, принтер бір өшіп, бір қосылады.

  • Принтерге қосылу мүмкін емес.

  • Байланыс жылдамдығы баяу.

Принтерге арналған IEEE 802.3az жүйесін өшіріп, қайта жалғау үшін келесі қадамдарды басшылыққа алыңыз.

  1. Компьютерге және принтерге жалғанған Ethernet кабелін суырыңыз.

  2. Компьютерге арналған IEEE 802.3az жүйесі қосылған кезде оны өшіріңіз.

    Мәліметтер алу үшін компьютермен бірге берілген құжаттаманы қараңыз.

  3. Компьютер мен принтерді Ethernet кабелімен дұрыстап жалғаңыз.

  4. Принтерден желіге қосылу есебін басып шығарыңыз.

    Принтер желі байланысының күйін тексеру (Желі қосылымының есебі)

  5. Желі қосылымы есебіндегі принтердің IP мекенжайын тексеріңіз.

  6. Компьютерде Web Config терезесіне кіріңіз.

  7. Log in опциясын таңдап, әкімші құпия сөзін енгізіңіз.

    Веб-браузерді іске қосыңыз, содан соң принтердің IP мекенжайын енгізіңіз.

    Принтер жұмыстарын конфигурациялауға арналған қолданба (Web Config)

  8. Network > Wired LAN параметрін таңдаңыз.

  9. OFF күйін IEEE 802.3az үшін таңдаңыз.

  10. Next түймесін басыңыз.

  11. OK түймесін басыңыз.

  12. Компьютерге және принтерге жалғанған Ethernet кабелін суырыңыз.

  13. Компьютерге арналған IEEE 802.3az жүйесін 2-қадамда өшірген болсаңыз, оны қосыңыз.

  14. 1-қадамда суырған Ethernet кабельдерін компьютер мен принтерге жалғаңыз.

Проблема әлі шешілмеген болса, бұған принтерден басқа құрылғылар себепші болуы мүмкін.