Негізгі SSL/TLS параметрлерін конфигурациялау

Егер принтер HTTPS серверінің мүмкіндігін қолдаса, байланыстарды шифрлау үшін SSL/TLS байланысын пайдалануға болады. Қауіпсіздікті қамтамасыз етіп тұрып, Web Config арқылы принтерді конфигурациялауға және басқаруға болады.

Шифрлау күші мен қайта бағыттау мүмкіндігін конфигурациялаңыз.

  1. Web Config қызметіне кіру үшін принтердің IP мекенжайын браузерге енгізіңіз.

    Принтеріңізбен бірдей желіге қосылған компьютерден принтердің IP мекенжайын енгізіңіз.

    Келесі мәзірден принтердің IP мекенжайын тексеруге болады.

    Параметрлер > Жалпы параметрлер > Желі параметрлері > Желі күйі > Сымды LAN/Wi-Fi күйі

  2. Әкімші ретінде кіру үшін әкімші құпиясөзін енгізіңіз.

  3. Келесі ретпен таңдаңыз.

    Network Security қойындысы > SSL/TLS > Basic

  4. Әр элемент үшін мәнді таңдаңыз.

    • Encryption Strength
      Шифрлау күшінің деңгейін таңдаңыз.
    • Redirect HTTP to HTTPS
      Қосуды немесе өшіруді таңдаңыз. Әдепкі мән ‒ «Enable».
    • TLS 1.0
      Қосуды немесе өшіруді таңдаңыз. Әдепкі мән ‒ «Disable».
    • TLS.1.1
      Қосуды немесе өшіруді таңдаңыз. Әдепкі мән ‒ «Disable».
    • TLS.1.2
      Қосуды немесе өшіруді таңдаңыз. Әдепкі мән ‒ «Enable».
  5. Next түймесін басыңыз.

    Растау хабары көрсетіледі.

  6. OK түймесін басыңыз.

    Принтер жаңартылды.