Басып шығару механизмінің шүмектері бітелмегенін тексеру үшін шүмекті тексеру үлгісін басып шығарады.
Басып шығару механизмін тазарту
Басып шығару механизміндегі бітелген шүмектерді тазалайды. Бұл функция сияны пайдаланатындықтан, басып шығару механизмін шүмектер бітелгенде ғана тазалаңыз. Саңылау тексеру үлгісін басып шығарыңыз, содан соң Таза параметрін таңдаңыз.
Тапсырмаларды оңай реттеуіші
Тапсырмаларды оңай реттеуіші терезесін ашады. Мұнда алдында сақталған деректерді ашып, өңдеуге болады.
EPSON Status Monitor 3
EPSON Status Monitor 3 терезесін ашады. Бұл жерде принтер мен тұтынылатын материалдардың күйін тексеруге болады.
Басқарылатын теңшелімдер
EPSON Status Monitor 3 терезесіндегі элементтерге арналған реттеулерді жасауға мүмкіндік береді.
Кеңейтілген параметрлер
Әртүрлі реттеулерді жасауға мүмкіндік береді. Қосымша мәліметтер алу мақсатында Анықтама бөлімін қарау үшін әрбір элементке тінтуірдің оң жағын басыңыз.
Бас. шығ-у кезегі
Басып шығарылу кезегінде тұрған тапсырмаларды көрсетеді. Басып шығару тапсырмаларын тексеруге, кідіртуге немесе жалғастыруға болады.
Тіл
Принтер драйверінің терезесінде пайдаланылатын тілді өзгертеді. Параметрлерді қолдану үшін принтер драйверін жауып, оны қайта ашыңыз.
Бағдарламаны жаңарту
Интернетте қолданбалардың соңғы нұсқаларын тексеру үшін EPSON Software Updater мүмкіндігін іске қосыңыз.
Онлайн тапс-с
Epson компаниясының сия картридждерін сатып алуға болатын веб-сайтқа кіруге мүмкіндік береді.
Техникалық қолдау
Егер нұсқаулық компьютерге орнатылса, нұсқаулық көрсетіледі. Егер ол орнатылмаса, нұсқаулық пен қолжетімді техникалық қолдауды тексеру үшін Epson веб-сайтына жалғауға болады.