Басып шығару механизмін туралау

Егер тік сызықтардың дұрыс емес туралануын немесе бұлдыраған кескіндерді байқасаңыз, басып шығару механизмін туралаңыз.

  1. Принтердің басқару тақтасында Қызмет көрсету параметрін таңдаңыз.

    Элементті таңдау үшін түймелерін пайдаланыңыз, бұдан кейін OK түймесін басыңыз.

  2. Басып шығару механизмін туралау параметрін таңдаңыз.

  3. Туралау мәзірлерінің бірін таңдаңыз.

    • Тік сызықтар тураланбаған немесе баспалар анық емес: Шектік сызықты туралау параметрін таңдаңыз.
    • Тұрақты интервалдарда көлденең жолақтар шығады: Көлденеңінен туралау параметрін таңдаңыз.
  4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.