> Компьютерді немесе құрылғыларды қосу не ауыстыру > Желі қосылымын қайта реттеу > Басқару тақтасынан Wi-Fi реттеулерін жасау > Түймені басу арқылы қауіпсіз реттеу (WPS) мүмкіндігі арқылы Wi-Fi реттеулерін жасау

Түймені басу арқылы қауіпсіз реттеу (WPS) мүмкіндігі арқылы Wi-Fi реттеулерін жасау

Сымсыз маршрутизатордағы түймені басу арқылы Wi-Fi желісін автоматты түрде орната аласыз. Егер келесі шарттар орындалса, осы әдіс арқылы орната аласыз.

  • Сымсыз маршрутизатор WPS (Wi-Fi Protected Setup) үйлесімді.

  • Ағымдағы Wi-Fi байланысы сымсыз маршрутизатордағы түймені басу арқылы орнатылған.

Ескертпе:

Түймені таба алмасаңыз немесе бағдарламалық құралдың көмегімен орнатсаңыз, сымсыз маршрутизатормен бірге берілген құжаттаманы қараңыз.

  1. Негізгі экраннан Wi-Fi таңдаңыз.

    Элементті таңдау үшін түймелерін пайдаланыңыз, бұдан кейін OK түймесін басыңыз.

  2. Wi-Fi (Ұсынылған) параметрін таңдаңыз.

  3. OK түймесін басыңыз.

    Егер желі қосылымы бұрыннан орнатылған болса, қосылым мәліметтері көрсетіледі. Параметрлерді өзгерту үшін Wi-Fi қосылымына өзгеріс енгізіңіз. немесе Параметрлерді өзг. параметрін таңдаңыз.

  4. Түймені басу арқылы реттеу (WPS) параметрін таңдаңыз.

  5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

    Егер реттеу аяқталғаннан кейін принтерге арналған желі қосылымының күйін тексеру қажет болса, мәліметтерді тқмендегі қатысты ақпарат сілтемесінен қараңыз.

    Ескертпе:

    Егер қосылым сәтсіз аяқталса, сымсыз маршрутизаторды қайта іске қосып, оны принтерге жақындатыңыз, содан соң әрекетті қайталаңыз. Егер ол әлі де жұмыс істемесе, желі қосылымының есебін басып шығарып, шешімді тексеріңіз.