> Қолдау көрсету қызметі > Epson қолдау көрсету орталығына хабарласу > Жаңа Зеландиядағы пайдаланушыларға көмек

Жаңа Зеландиядағы пайдаланушыларға көмек

Epson Жаңа Зеландия жоғары деңгейлі тұтынушыларға қолдау көрсету қызметін ұсынады. Өнімнің құжаттамасына қосымша ретінде ақпарат алуға арналған келесі деректер көздерін береміз:

Интернет URL мекенжайы

http://www.epson.co.nz

Epson Жаңа Зеландия әлемдік желісі беттеріне кіріңіз. Өзіңізбен бірге модемді алып, Интернетті пайдаланыңыз! Интернетті пайдаланыңыз! Сайтта драйверлер бөлімін, Epson контактілерін, жаңа өнімдер туралы ақпаратты және техникалық қолдауды табуға (e-mail) болады.

Epson қолдау көрсету қызметі

Телефон: 0800 237 766

Epson қолдау көрсету қызметі тұтынушылар қажетті кеңес алуына қажетті көмекті қамтамасыз етеді. Қолдау көрсету қызметіндегі операторлар сізге Epson өнімін орнатуға, теңшеуге және пайдалануға көмектеседі. Біздің қолдау көрсету қызметінің қызметкерлері жаңа Epson өнімдері туралы әдебиетті қамтамасыз етеді және жақын жердегі дилерді немесе қызмет көрсету агентінің орналасқан жері туралы ақпарат береді. Бұл жерде сіз көптеген сұрау түрлеріне жауап аласыз.

Қоңырау шалған кезде қолыңызда барлық қатысты ақпарат болуын сұраймыз. Анағұрлым көп ақпарат дайындасаңыз, ақаудың шешімін соғұрлым жылдам табамыз. Бұл ақпаратта Epson өніміңіздің құжаттамалары, компьютердің түрі, операциялық жүйесі, қолданылатын бағдарламалар және қажетті деп санайтын кез келген ақпарат қамтылады.

Өнімді тасымалдау

Epson компаниясы өнімді алдағы уақытта тасымалдау мақсатында қаптамасын сақтап қоюды ұсынады.