Шешімдер
Түпнұсқа Epson принтер драйвері (EPSON XXXXX) орнатылғанын тексеріңіз. Түпнұсқа Epson принтер драйвері орнатылмаса, қолжетімді функциялар шектеледі. Түпнұсқа Epson принтер драйверін пайдалануға кеңес береміз.
Үлкен өлшемді кескінді басып шығарып жатсаңыз, компьютерде жеткілікті жад болмауы мүмкін. Кескінді төмен ажыратымдылықпен немесе кішірек өлшемде басып шығарыңыз.
Егер барлық шешімдерді байқап көрсеңіз және ақауды жоя алмасаңыз, принтер драйверін жойып, қайта орнатып көріңіз.
Бағдарламалық құралды ең соңғы нұсқасына жаңарту арқылы проблемаларды жоюға болады. Бағдарламалық құрал күйін тексеру үшін бағдарламалық құралдың жаңарту құралын пайдаланыңыз.
Шешімдер
Принтер драйверінің Қызмет көрсету қойындысынан EPSON Status Monitor 3 түймесін басып, принтер күйін тексеріңіз. Егер EPSON Status Monitor 3 ажыратылса, Кеңейтілген параметрлер қойындысындағы Қызмет көрсету түймесін басыңыз да, EPSON Status Monitor 3 қосу таңдаңыз.
Шешімдер
Принтер драйверінің Қызмет көрсету қойындысындағы Бас. шығ-у кезегі параметрін басыңыз. Қажет емес деректер қалса, Принтер мәзірінен Барлық құжаттардан бас тарту таңдаңыз.
Шешімдер
Принтер драйверінің Қызмет көрсету қойындысындағы Бас. шығ-у кезегі параметрін басыңыз.
Егер принтер дербес немесе бөгеліс күйде болса, Принтер мәзірінен дербес немесе бөгеліс параметрін өшіріңіз.
Шешімдер
Басқару тақтасы > Құрылғылар мен принтерлерді көру (немесе Принтерлер, Принтерлер және факстар) бөліміндегі принтердің белгішесін тінтуірдің оң жағымен басып, Әдепкі параметр ретінде орнату түймесін басыңыз.
Егер бірнеше принтер белгішесі болса, дұрыс принтерді таңдау үшін келесі бөлімді қараңыз.
Мысалы)
USB қосылымы: EPSON XXXX сериясы
Желі қосылымы: EPSON XXXX сериясы (желі)
Принтер драйверін бірнеше рет орнатсаңыз, принтер драйверінің көшірмелері жасалуы мүмкін. «EPSON XXXX сериясы (1-көшірме)» сияқты көшірмелер жасалса, көшірілген драйвер белгішесін тінтуірдің оң жағымен басып, Құрылғыны жою түймесін басыңыз.