Epson Print Enabler арқылы басып шығару

Құжаттарды, электрондық хабарларды, фотосуреттерді және веб-беттерді Android телефонынан немесе планшетінен (Android v4.4 немесе кейінгі нұсқасы) тікелей сымсыз басып шығаруға болады. Бірнеше түймені түртсеңіз, Android құрылғысы бір сымсыз желіге жалғанған Epson принтерін анықтайтын болады.

Google Play дүкенінен Epson Print Enabler қолданбасын іздеңіз және орнатыңыз.

Android құрылғысынан Параметрлер бетіне өтіп, Басып шығару таңдаңыз, сосын Epson Print Enabler функциясын қосыңыз. Chrome секілді Android қолданбасынан мәзір белгішесін түртіп, экранда көрсетілгенді басып шығарыңыз.

Ескертпе:

Принтерді көрмесеңіз, Барлық принтерлер түймесін түртіп, принтерді таңдаңыз.