Көшірмелер немесе сканерленген кескіндер жағылған болса, Сканер әйнегі құрылғысын тазалаңыз.
Принтерді тазалау үшін ешқашанда спирт немесе еріткіш қолданбаңыз. Бұл химиялық құралдар принтерді зақымдауы мүмкін.
Құжат қабын ашыңыз.
Сканер әйнегі беткі жағын жұмсақ, құрғақ, таза шүберекпен тазалаңыз.
Егер әйнектің беті майланса немесе кетіру қиын қатты материал болса, оны кетіру үшін аздап әйнек тазартқыш құралы мен жұмсақ шүберекті қолданыңыз. Барлық қалған сұйықтықты сүртіп алыңыз.
Шыны бетті қатты басуға болмайды.
Шыны бетіне сызат түспеуіне немесе зақымданбауына мұқият болыңыз. Зақымдалған әйнек беті сканерлеу сапасын төмендетеді.