Принтердегі ұяларға заттар салмаңыз.
Басып шығару барысында қолыңызды принтердің ішіне салмаңыз.
Принтердің ішіндегі ақ жалпақ кабельді ұстамаңыз.
Құрамында тез тұтанатын газы бар аэрозольді өнімдерді принтердің ішіне немесе айналасында қолданбаңыз. Солай жасау өртке себеп болуы мүмкін.
Басып шығару механизмін қолмен қозғалтпаңыз; әйтпесе принтерді зақымдауыңыз мүмкін.
Сканер құрылғысын жапқанда саусақтарыңызды қысып алмаңыз.
Түпнұсқаларды қойған кезде Сканер әйнегі үстіне қатты баспаңыз.
Принтерді әрдайым түймесінің көмегімен өшіріңіз. Принтерді жарығының жыпылықтауы тоқтағанға дейін розеткадан ажыратпаңыз немесе қуатын өшірмеңіз.
Егер принтерді ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз, қуат сымын электр розеткасынан ажыратып қойыңыз.