Бұл принтердің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін осы нұсқауларды оқып, орындаңыз. Болашақта пайдалану үшін осы нұсқаулықты сақтап қойыңыз. Сондай-ақ, принтерде көрсетілген барлық ескертулер мен нұсқауларды орындаңыз.
Сіздің принтеріңізде қолданылған белгілердің кейбірі қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, принтерді дұрыс пайдалануға көмектеседі. Бұл белгілердің мағынасын түсіну үшін мына веб-сайтқа кіріңіз.
Принтермен берілген қуат сымын ғана пайдаланыңыз және сымды басқа жабдықтармен қолданбаңыз. Принтермен басқа сымдарды пайдалану немесе берілген қуат сымын басқа жабдықпен пайдалану өрттің шығуына немесе электр тогының соғуына себеп болуы мүмкін.
Айнымалы ток адаптерінің қуат сымы қатысты қауіпсіздік стандартына сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Принтердің нұсқаулығында нақты сипатталған жерлерден басқа қуат сымын, ашаны, принтер құрылғысын, сканер құрылғысын немесе басқа опцияларды өз бетіңізбен бөлшектеуге, өзгертуге немесе жөндеуге әрекеттенбеңіз.
Принтерді ажыратып, келесі жағдайларда білікті маманға жөндетіңіз:
Қуат сымы немесе аша зақымдалғанда; принтерге сұйық зат кіргенде; принтер жерге түсірілгенде немесе корпусы зақымдалғанда; принтер қалыпты жұмыс істемегенде немесе өнімділігі айқын өзгергенде. Пайдалану нұсқауларында қамтылмаған реттеулерді орындамаңыз.
Принтерді ашасы оңай қосылатын электр розеткасының жанына орналастырыңыз.
Принтерді сыртқа, қатты кір немесе шаң жерге, судың, ыстық көздер бар жерге немесе соққы, діріл, жоғары температура немесе ылғал жерлерге орналастырмаңыз.
Принтерге сұйық зат төгіп алмаңыз немесе принтерді дымқыл қолдарыңызбен қолданбаңыз.
Принтерді кардиостимуляторлардан ең кемінде 22 см қашық сақтаңыз. Бұл принтерден шыққан радио толқындар кардиостимуляторлардың жұмысына кері әсерін тигізеді.