Желі күйі парағында басып шығарылатын PIN кодын пайдалану арқылы сымсыз маршрутизаторға қосыла аласыз. Бұл әдісті сымсыз маршрутизаторда WPS (Wi-Fi қорғалған орнату) бар болғанда орнату үшін пайдалана аласыз. Сымсыз маршрутизаторға PIN кодын енгізу үшін компьютерді пайдаланыңыз.
Қағаздарды салу.
Принтердегі түймесін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз.
Желі күйі парағы басып шығарылады.
Егер түймесін 5 секунд ішінде жіберсеңіз, желі қосылымының есебі басып шығарылады.PIN коды туралы ақпарат бұл есепте басып шығарылмайтынын ескеріңіз.
түймесін басып тұрып, түймесін шамы мен шамы кезекпен жыпылықтағанша басыңыз.
Сымсыз маршрутизаторға желі күйі парағының [WPS-PIN Code] бағанында басып шығарылған PIN кодын (сегіз цифрлы сан) екі минут ішінде енгізу үшін компьютерді пайдаланыңыз.
Қосылым орнатылғанда шамы жанады.
PIN кодын енгізу туралы мәліметтер алу үшін, сымсыз маршрутизатормен бірге берілген құжаттаманы қараңыз.
шамы және шамы бір уақытта жыпылықтағанда принтер қосылу қатесі күйінде болады. Принтер қатесін принтердегі түймесін басып тұру арқылы жойғаннан кейін, сымсыз маршрутизаторды қайта іске қосыңыз, оны принтерге жақындатып қойыңыз және әрекетті қайталаңыз. Егер ол әлі де жұмыс істемесе, желі қосылымының есебін басып шығарып, шешімді тексеріңіз.