Қара сия аяқталып, басқа түрлі-түсті сия қалмаған жағдайда қара сияны жасау үшін түрлі-түсті сияны араластыруға болады. Қара сия картриджінің баламасын дайындау кезінде басып шығаруды жалғастыруға болады.
Бұл мүмкіндік тек принтер драйверінен келесі параметрлерді таңдаған кезде қол жетімді болады.
Қағаз түрі:қарапайым қағаздар, Letterhead
Сапасы: Стандартты
EPSON Status Monitor 3: қосылған
Егер EPSON Status Monitor 3 ажыратылса, принтер драйверіне қатынасу үшін, Кеңейтілген параметрлер қойындысындағы Қызмет көрсету түймесін басыңыз да, EPSON Status Monitor 3 қосу таңдаңыз.
Араластырылған қара түс шынайы қара түстен сәл өзгешеленуі мүмкін. Осыған қоса, басып шығару жылдамдығы қысқарады.
Басып шығару басының сапасын қолдау үшін, қара сия да жұмсалуы мүмкін.
Опциялар |
Сипаттама |
---|---|
Иә |
Қара түсті жасау үшін түрлі-түсті сиялардың қоспасын таңдаңыз. Бұл терезе келесі рет ұқсас тапсырма басып шығарылғанда көрсетіледі. |
Жоқ |
Қалған қара сияның пайдаланылуын жалғастыру үшін таңдаңыз. Бұл терезе келесі рет ұқсас тапсырма басып шығарылғанда көрсетіледі. |
Осы мүмкіндікті өшіру |
Қалған қара сияның пайдаланылуын жалғастыру үшін таңдаңыз. Қара сия картриджін ауыстырғанға дейін және қайтадан баяу жүргенге дейін бұл терезе көрсетілмейді. |