PIN кодын пайдалану арқылы сымсыз маршрутизаторға автоматты түрде қосуға болады. Бұл әдісті сымсыз маршрутизаторда WPS (Wi-Fi қорғалған орнату) бар болғанда орнату үшін пайдалана аласыз. Сымсыз маршрутизаторға PIN кодын енгізу үшін компьютерді пайдаланыңыз.
Негізгі экраннан
таңдаңыз.
Элементті таңдау үшін
түймелерін пайдаланыңыз, бұдан кейін OK түймесін басыңыз.

Wi-Fi (Ұсынылған) параметрін таңдаңыз.
OK түймесін басыңыз.
Егер желі қосылымы бұрыннан орнатылған болса, қосылым мәліметтері көрсетіледі. Параметрлерді өзгерту үшін Параметрлерді өзг. параметрін таңдаңыз.
Басқалар > PIN Код орнату (WPS) параметрін таңдаңыз.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Егер реттеу аяқталғаннан кейін принтерге арналған желі қосылымының күйін тексеру қажет болса, мәліметтерді төмендегі қатысты ақпарат сілтемесінен қараңыз.
PIN кодын енгізу туралы мәліметтер алу үшін, сымсыз маршрутизатормен бірге берілген құжаттаманы қараңыз.