Сканер элементін ашу немесе жабу кезінде қолыңыздың не саусақтарыңыздың қыстырылып қалмауына мұқият болыңыз. Кері жағдайда, жарақат алуыңыз мүмкін.
Қолдарыңыз принтердің ішінде болған кезде басқару тақтасындағы түймелерді ешқашан баспаңыз. Егер принтер жұмыс істей бастаса, бұл жарақат алуды тудыруы мүмкін. Жарақатты болдырмау үшін, шығып тұрған жерлерге тимеңіз.
Артқы қақпақты алып тастаңыз.

Артқы қақпақтан кептелген қағазды алып тастаңыз.

Кептелген қағазды алыңыз.

Принтерде артқы қақпақты салыңыз.
Егер қақпақ ашық болса, оны жабыңыз.
Сканер бөлігін екі қолмен құлыпталғанша ашыңыз.
Кептелген қағазды алыңыз.
Принтердің ішіндегі ақ жалпақ кабельді және мөлдір таспаны ұстамаңыз. Солай жасау зақымдалуға себеп болуы мүмкін.

Сканер бөлігін жабыңыз.

Сканер бөлігі саусақтарды қыспауы үшін баяу жабылып, әлсіз қарсылық жасайтындай етіп жасалған. Кедергіні сезсеңіз де жаба беріңіз.