Wi-Fi Direct арқылы Android құрылғыларына қосылу

Бұл әдіс арқылы принтерді сымсыз маршрутизаторсыз тікелей Android құрылғысына қосуға болады. Осы функцияны пайдалану үшін төмендегі шарттар орындалуы тиіс.

  • Android 4.4 не одан кейінгі нұсқасы

  • Epson iPrint 7.0 не одан кейінгі нұсқасы

Epson iPrint қолданбасы смарт құрылғыдан басып шығаруға арналған. Epson iPrint қолданбасын алдын ала смарт құрылғыға орнатып алыңыз.

Ескертпе:

Қосылғыңыз келетін принтер мен смарт құрылғыңыздың параметрлері тек бір рет орнатылады. Wi-Fi Direct қызметін өшірмейінше немесе желі параметрлерінің әдепкі мәндерін қалпына келтірмейінше, оларды қайта орнату қажет емес.

  1. Басты экранда Smartphone connect түймесін түртіңіз.

  2. Start Setup түймесін түртіңіз.

  3. Android түймесін түртіңіз.

  4. Смарт құрылғыда Epson iPrint қолданбасын іске қосыңыз.

  5. Epson iPrint экранында Printer is not selected. хабарын түртіңіз.

  6. Epson iPrint экранында қосылғыңыз келетін принтерді таңдаңыз.

    Принтерді таңдау үшін принтердің басқару панеліндегі ақпаратты қараңыз.

    Ескертпе:

    Кеғйбір Android құрылғыларында принтерлер көрсетілмеуі мүмкін. Олар көрсетілмесе, Other OS Devices таңдап қосылыңыз. Қосылу туралы төмендегі сілтемеде берілген ақпаратты қараңыз.

  7. Құрылғыны қосылғанын растайтын экран көрсетілгенде Approve пәрменін таңдаңыз.

  8. Принтердің басқару панелінде Complete түймесін басыңыз.

Принтерге қосылып қойған смарт құрылғыларды қайта қосу үшін, смарт құрылғыдағы Wi-Fi экранында көрсетілген желі атауын (SSID) таңдаңыз.