Принтерді тазарту

Егер принтердің сыртқы лас немесе шаң болса, принтерді өшіріп, жұмсақ, таза әрі ылғалды шүберекпен сүртіңіз. Егер ласты кетіру мүмкін болмаса, жұмсақ, таза және жуу құралына малынған ылғалды шүберекпен тазалап көріңіз.

Маңызды:
  • Принтердің механизміне немесе қандай да бір электрлік компоненттеріне су тигізбеңіз. Кері жағдайда, принтер зақымдалып қалуы мүмкін.

  • Принтер қақпағын тазалау үшін спиртті немесе бояу еріткішті ешқашан пайдаланбаңыз. Бұл химикаттар компоненттер мен корпусты зақымдауы мүмкін.

  • Принтердің ішіндегі ақ жалпақ кабельді немесе мөлдір таспаны ұстамаңыз. Солай жасау зақымдалуға себеп болуы мүмкін.