> Басып шығару > Құжаттарды басып шығару > Компьютерден басып шығару — Windows > Қарапайым реттеулер арқылы басып шығару

Қарапайым реттеулер арқылы басып шығару

Ескертпе:
  • Принтер драйверінің орнату элементтерінің түсіндірмелері үшін желілік анықтаманы қараңыз. Элементті тінтуірдің оң жақ түймесімен басып, Анықтама түймесін басыңыз.

  • Әрекеттер қолданбаға байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Мәліметтер алу үшін қолданбаның анықтамасын қараңыз.

  1. Қағазды принтерге салыңыз.

    Қағазды Қағаз кассетасы 1 ішіне салу

    Қағазды Қағаз кассетасы 2 ішіне салу

    Қағазды Артқы қағаз беру ұясы ішіне салу

  2. Басып шығарғыңыз келген файлды ашыңыз.

  3. Файл мәзірінен Басып шығару немесе Басып шығаруды реттеу пәрменін таңдаңыз.

  4. Принтеріңізді таңдаңыз.

  5. Принтердің драйвер терезесіне кіру үшін Параметрлер немесе Сипаттар опциясын таңдаңыз.

  6. Келесі параметрлерді реттеңіз.

    • Қағ. бастап. көзі: Қағазды салған қағаз көзін таңдаңыз.
    • Құжат өлшемі: Принтерге салған қағаз өлшемін таңдаңыз.
    • Жиексіз: Кескін айналасында жиексіз басып шығару үшін таңдаңыз.
      Жиексіз басып шығару параметрінде басып шығару деректері қағаз шеттерінің айналасында ешқандай жиектер басылмайтындай қағаз өлшемінен аздап үлкейеді. Ұлғайту мөлшерін таңдау үшін «Параметрлер» тармағын басыңыз.
    • Бағдар: Қолданбада орнатқан бағытты таңдаңыз.
    • Қағаз түрі: Салынған қағаз түрін таңдаңыз.
    • Сапасы: Басып шығару сапасын таңдаңыз.
      Жоғары сапасын таңдау жоғары сапалы басып шығаруды қамтамасыз етеді, бірақ басып шығару жылдамдығы баяулауы мүмкін. Егер жоғарырақ сапамен қарапайым қағазда басып шығару қажет болса, Үздік параметрін таңдаңыз. Басып шығару жылдамдығы едәуір төмендеуі мүмкін екенін ескеріңіз.
    • Түс: Қара және сұр түс реңктерімен басып шығару қажет болса, Сұр реңк параметрін таңдаңыз.
    Ескертпе:

    Хатқалталарда басып шығарған кезде Бағдар опциясын Альбомдық параметрі ретінде таңдаңыз.

  7. Принтер драйверінің терезесін жабу үшін OK түймесін басыңыз.

  8. Басып шығару түймесін басыңыз.

    Ескертпе:

    Егер басып шығарудан бас тарту қажет болса, компьютеріңізде Құрылғылар мен принтерлер, Принтер немесе Принтерлер мен факстар ішінен принтерді тінтуірдің оң жағымен басыңыз. Ағымдағы басып шығаруды қарау түймесін басыңыз, бас тартқыңыз келген тапсырманы тінтуірдің оң жақ түймесімен басып, Бас тарту пәрменін таңдаңыз. Алайда принтерге толығымен жіберілген басып шығару тапсырмасын компьютерден тоқтата алмайсыз. Бұл жағдайда, басып шығару тапсырмасын принтердегі басқару тақтасының көмегімен тоқтатыңыз.