Epson Event Manager — басқару тақтасынан сканерлеуді басқаруға және кескіндерді компьютерге сақтауға мүмкіндік беретін қолданба. Жеке параметрлерді алдын ала орнатымдар ретінде қосуға болады, мысалы, құжат түрін, сақтау қалтасының орнын және кескін пішімін. Мүмкіндіктер туралы мәліметтерді алу үшін бағдарламалық құрал анықтамасын қараңыз.
Windows 10
Бастау түймесін басыңыз, содан соң Epson Software > Event Manager тармағын таңдаңыз.
Windows 8.1/Windows 8
Іздеу жолағына бағдарлама атын енгізіп, көрсетілетін белгіні таңдаңыз.
Windows 7/Windows Vista/Windows XP
Бастау түймесін басыңыз, содан соң Барлық бағдарламалар немесе Бағдарламалар > Epson Software > Event Manager тармағын таңдаңыз.
Өту > Қолданбалар > Epson Software > Event Manager тармағын таңдаңыз.