Бұлдыр көшірмелер, тік жолақ немесе қисаю

Келесі себептерді қарастыру қажет.

Басып шығару механизмінің күйі сәйкес емес.

Шешімдер

Басып шығару механизмін туралау үшін басқару тақтасындағы Maintenance > Print Head Alignment > Vertical Alignment мәзірін таңдаңыз.

Қос бағытты басып шығару қосылады.

Шешімдер

Басып шығару механизмін туралағаннан кейін де басып шығару сапасы жақсармаса, басқару тақтасындағы Settings > Printer Settings параметрін таңдаңыз, содан соң Bidirectional мүмкіндігін өшіріңіз.

Қос бағытты (немесе жоғары жылдамдықты) басып шығару кезінде басып шығару механизмі екі бағытта жылжығанда да басып шығарады және тік сызықтар тураланбауы мүмкін. Осы параметрді өшіру басып шығару жылдамдығын баяулатуы мүмкін.