> Құжат туралы ақпарат > Бағдарламалық құрал туралы ақпарат > Жаңартуға арналған бағдарламалық құрал > Бағдарламалық құрал мен микробағдарламаға арналған қолданба (EPSON Software Updater)

Бағдарламалық құрал мен микробағдарламаға арналған қолданба (EPSON Software Updater)

EPSON Software Updater — интернеттегі жаңа не жаңартылған бағдарламалық құралды тексеретін және оны орнататын бағдарлама. Принтердің микробағдарламасын және нұсқаулығын жаңартуға болады.

Windows жүйесінде іске қосу
  • Windows 10

    Бастау түймесін басыңыз, содан соң Epson Software > EPSON Software Updater тармағын таңдаңыз.

  • Windows 8.1/Windows 8

    Іздеу жолағына бағдарлама атын енгізіп, көрсетілетін белгіні таңдаңыз.

  • Windows 7/Windows Vista/Windows XP

    Бастау түймесін басыңыз, содан соң Барлық бағдарламалар (немесе Бағдарламалар) > Epson Software > EPSON Software Updater тармағын таңдаңыз.

Ескертпе:

Сондай-ақ, EPSON Software Updater қолданбасын жұмыс үстеліндегі тапсырмалар тақтасында принтер белгішесін басу, содан кейін Бағдарламаны жаңарту пәрменін таңдау арқылы іске қосуға болады.

Mac OS жүйесінде іске қосу

Өту > Қолданбалар > Epson Software > EPSON Software Updater тармағын таңдаңыз.