Құпиясөз саясатын орнату

Құпиясөздегі таңбалардың түрі мен санын шектеу арқылы құпиясөздің беріктігін арттыруға болады.

  1. Web Config қызметіне кіру үшін принтердің IP мекенжайын браузерге енгізіңіз.

    Принтеріңізбен бірдей желіге қосылған компьютерден принтердің IP мекенжайын енгізіңіз.

    Келесі мәзірден принтердің IP мекенжайын тексеруге болады.

    Параметрлер > Жалпы параметрлер > Желі параметрлері > Желі күйі > Сымды LAN/Wi-Fi күйі

  2. Әкімші ретінде кіру үшін әкімші құпиясөзін енгізіңіз.

  3. Келесі ретпен таңдаңыз.

    Product Security қойындысы > Password Policy

  4. Параметрлерді қажетінше өзгертіңіз.

    • Password Policy
      ON таңдап, Password Policy қосыңыз. Бұл қосылған кезде, келесі элементтерді орнатуыңызға болады.
    • Minimum Password Length
      Құпиясөз үшін таңбалардың ең аз санын орнатыңыз.
    • Include Uppercase Alphabet
      Қосылып тұрған кезде, құпиясөз құрамында бір немесе бірнеше бас әріп болуы керек.
    • Include Lowercase Alphabet
      Қосылып тұрған кезде, құпиясөз құрамында бір немесе бірнеше кіші әріп болуы керек.
    • Include Number
      Қосылып тұрған кезде, құпиясөз құрамында бір немесе бірнеше сан болуы керек.
    • Include Punctuation Mark
      Қосылып тұрған кезде, құпиясөз құрамында бір немесе бірнеше тыныс белгісі болуы керек.
  5. OK түймесін басыңыз.