Жиі пайдаланылатын контактілерді Web Config ішінен тіркеу

  1. Web Config қызметіне кіру үшін принтердің IP мекенжайын браузерге енгізіңіз.

    Принтеріңізбен бірдей желіге қосылған компьютерден принтердің IP мекенжайын енгізіңіз.

    Келесі мәзірден принтердің IP мекенжайын тексеруге болады.

    Параметрлер > Жалпы параметрлер > Желі параметрлері > Желі күйі > Сымды LAN/Wi-Fi күйі

  2. Әкімші ретінде кіру үшін әкімші құпиясөзін енгізіңіз.

  3. Келесі ретпен таңдаңыз.

    Scan/Copy немесе Fax қойындысы > Contacts

  4. Тіркеу қажет нөмірді таңдап, Edit түймесін басыңыз.

  5. ON параметрін Assign to Frequent Use тармағынан таңдаңыз.

    Web Config экранынан контактілер ретін өңдей алмайсыз.

  6. Apply түймесін басыңыз