Принтерде сақталған желілік параметрлерді немесе басқа параметрлерді таңдап, осы параметрлерді әдепкі мәндеріне қалпына келтіріңіз.
Web Config қызметіне кіру үшін принтердің IP мекенжайын браузерге енгізіңіз.
Принтеріңізбен бірдей желіге қосылған компьютерден принтердің IP мекенжайын енгізіңіз.
Келесі мәзірден принтердің IP мекенжайын тексеруге болады.
Параметрлер > Жалпы параметрлер > Желі параметрлері > Желі күйі > Сымды LAN/Wi-Fi күйі
Әкімші ретінде кіру үшін әкімші құпиясөзін енгізіңіз.
Келесі ретпен таңдаңыз.
Device Management қойындысы > Restore Default Settings
Тізімнен опцияны таңдаңыз.
Execute түймесін басыңыз.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.