Басқару тақтасында қате туралы хабар көрсетілсе, экрандағы нұсқауларды немесе мәселені шешуге арналған төмендегі шешімдерді орындаңыз.
Желу қалтасына сканерлегенде қате туралы хабар көрсетілсе, келесіні қараңыз.
Желі қалтасына сканерлегенде хабарлар басқару тақтасында көрсетіледі
|
Қате туралы хабарлар |
Шешімдері |
|---|---|
|
Түпнұсқаларды қорғау үшін, беру тоқтатылды. Сканер қақпағын ашып, оларды алып тастаңыз. |
|
|
Түпнұсқа кептеліп қалды. Түпнұсқаны алу үшін, сканер қақпағын ашыңыз. |
|
|
Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін, компьютерде Epson ScanSmart бағдарламалық жасақтамасын орнатыңыз. Қосымша мәліметтерді құжаттамадан қараңыз. |
Компьютерде қолданбалар тізімін ашып, содан соң Epson ScanSmart қолданбасын тізімнен іздеңіз. Егер компьютерде бағдарламалық құралы орнатылмаса, төмендегі веб-сайтта берілген нұсқаулар бойынша қолданбаны орнатыңыз. |
|
Компьютер табылмаса, келесілерді тексеріңіз. - Сканер мен компьютер арасындағы қосылым (USB немесе желі) - Қажетті бағдарламалық жасақтаманы орнату - Компьютердің қуат көзі - Брандмауэр қауіпсіздік бағдарламалық құралының параметрлері - Қайта іздеу Қосымша мәліметтерді құжаттамадан қараңыз. |
|
|
Сканер ішінде біраз дақ болуы мүмкін. Оны тазалаңыз. |
Сканердің ішін тазалау үшін келесі бөлімді қараңыз. Тазартып болған соң проблема әлі де пайда болса, жергілікті дилерге хабарласыңыз. |
|
Түпнұсқа былғанған болуы мүмкін немесе сканер ішінде біраз дақ болуы мүмкін. Түпнұсқадағы дақтарды тазалап, одан кейін сканер ішін тазалаңыз. |
|
|
IP мекенжайы мен қосалқы желі маскасының тіркесімі дұрыс емес. Қосымша мәлімет алу үшін құжаттаманы қараңыз. |
Дұрыс IP мекенжайын немесе әдепкі шлюзді енгізіңіз. Көмек алу үшін желіні реттейтін тұлғаға хабарласыңыз. |
|
RECOVERY MODE |
Сканер қалпына келтіру режимінде іске қосылды, себебі микробағдарламаның жаңартуы сәтсіз аяқталды. Микробағдарламаны қайта жаңартып көру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. 1. Компьютер мен сканерді USB кабелі арқылы қосыңыз. (Қалпына келтіру режимі барысында микробағдарламаны желі қосылымы арқылы жаңарту мүмкін емес.) 2. Қосымша нұсқауларды алу үшін жергілікті Epson веб-сайтына кіріңіз. |