Факсты көрсетілген алушыға жіберу мүмкін болмады

Келесі себептерді қарастыру қажет.

Алушының машинасы жауап беруге көп уақыт жұмсайды.

Шешімдер

Егер алушы құрылғысы принтер теруді аяқтаған соң, 50 секунд ішінде қоңырауыңызды қабылдамаса, қоңырау қатемен аяқталады. Факс үні шыққанша қанша уақыт өтетінін тексеру үшін қосылған телефонмен теріңіз. Егер 50 секундтан асса, факс жіберілетін факс нөмірінен кейін кідіріс қосыңыз. Кідірістерді енгізу үшін, белгішесі пайдаланылады. Кідіру таңбасы ретінде сызықша енгізіледі. Бір кідіру шамамен үш секунд алады. Қажетінше бірнеше кідіру қосыңыз.

Контактілер тізімінде тіркелген Факс жылдамдығы параметрі қате.

Шешімдер

Параметрлер > Контакт-р ретт-сі > Өңдеу таңдаңыз және контактілер тізімінен алушыны таңдаңыз. Экрандағы нұсқауларды орындап, Байланыс режимі параметрін Баяу(9600 соқ/с) күйіне орнатыңыз.