> Факсты қолдану > Факстарды принтер көмегімен жіберу

Факстарды принтер көмегімен жіберу

Принтердің басқару тақтасында алушылардың факс нөмірлерін енгізу арқылы факстарды жіберуге болады.

Ескертпе:

Факсты монохромды түрде жібергенде жібермес бұрын СКД экранында сканерленген кескінді алдын ала қарауға болады.

  1. Түпнұсқаларды қойыңыз.

    Бір жібергенде 100 бетке дейін жіберуге болады, алайда қалған жад көлеміне байланысты тіпті 100 бетке жетпейтін факстарды жіберу мүмкін емес болуы ықтимал.

    Түпнұсқаларды Сканер әйнегі құрылғысына қою

    Түпнұсқаларды АҚБ үстіне қою

  2. Принтердің басқару тақтасында Факс параметрін таңдаңыз.

    Элементті таңдау үшін түймелерін пайдаланыңыз, бұдан кейін OK түймесін басыңыз.

  3. Алушыны көрсетіңіз.

    Алушыларды таңдау

  4. OK түймесін басу арқылы Мәзір опциясын таңдаңыз және ажыратымдылық және жіберу әдісі сияқты қажетті параметрлерді орнату үшін, Скан. парам-рі немесе Факс жіб.парам. параметрін таңдаңыз.

    Скан. парам-рі

    Факс жіб.парам.

  5. Факсты жіберу үшін түймесін басыңыз.

    Ескертпе:
    • Егер факс нөмірі бос емес не қандай да бір ақаулар болса, принтер автоматты түрде бір минуттан кейін қайта тереді.

    • Жіберуден бас тарту үшін түймесін басыңыз.

    • Түрлі-түсті факс жіберу ұзағырақ уақыт алады, себебі принтер сканерлеу мен жіберуді бір мезгілде орындайды. Принтер түсті факс жіберуі кезінде басқа мүмкіндіктерді пайдалану мүмкін емес.