Түпнұсқаларды бірінің үстіне бірін қою арқылы немесе түпнұсқаларды өлшемдері бойынша қою арқылы факстарды жіберіп, оларды бастапқы өлшемдерінде бір құжат ретінде жіберуге болады.
Егер ADF құралына басқа өлшемді түпнұсқаларды қоятын болсаңыз, барлық түпнұсқалар олардың ішінде ең үлкен өлшеммен жіберіледі. Түпнұсқаларды олардың бастапқы өлшемдерінде жіберу үшін түпнұсқаларды араласқан өлшемдермен қоймаңыз.
Бірдей өлшемдегі түпнұсқалардың бірінші бумасын қойыңыз.
Негізгі экраннан Факс параметрін таңдаңыз.
Элементті таңдау үшін
түймелерін пайдаланыңыз, бұдан кейін OK түймесін басыңыз.
Алушыны көрсетіңіз.
OK түймесін басыңыз да, Скан. парам-рі таңдаңыз.
Үзд. сканерлеу(ADF) опциясын таңдаңыз, содан соң Қосу опциясын таңдаңыз.
Қажеттілік жағдайында, Скан. парам-рі немесе Факс жіб.парам. терезесінде ажыратымдылық және жіберу әдісі сияқты параметрлерді де баптауға болады.
түймесін Факс экранына оралғанша басыңыз, содан соң
түймесін басыңыз.
Бірінші түпнұсқаларды сканерлеу аяқталғанда және басқару тақтасында Басқа бетті жіберу қажет пе? мәтіні көрсетілгенде, Иә параметрін таңдап, келесі түпнұсқаларды жүктеңіз де,
түймесіне басыңыз.
Егер келесі түпнұсқаларды салу сұралғаннан кейін принтер 20 секунд әрекетсіз тұрса, принтер құжатты сақтауды тоқтатып, оны жіберуді бастайды.
Жіберу аяқталғанда түпнұсқаларды алып тастаңыз.