Мәселені шешу

Күтілгендей басып шығара алмасаңыз не сканерлей алмасаңыз немесе басып шығару кезінде мәселелер болса, осы бөлімді оқыңыз. Кейбір жалпы мәселелердің шешімін келесі бөлімнен қараңыз.

Принтер іске қосылған ба?

Шешімдер

  • Принтердің қосулы екенін тексеріңіз.

  • Қуат сымы дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.

Принтерде қағаз кептелген бе?

Шешімдер

Принтерде қағаз кептелген болса, ол басып шығаруды бастамайды. Принтерден кептелген қағазды алып тастаңыз.

Принтердің өзі дұрыс жұмыс істеп тұр ма?

Шешімдер

  • Басқару тақтасындағы шамдар жанса немесе жыпылықтаса, қатені тексеріңіз.

  • Күй парағын басып шығарып, оны принтердің өзі дұрыс басып шығаратынын тексеру үшін пайдаланыңыз.

Қосылым мәселелері бар ма?

Шешімдер

  • Барлық қосылымдарда кабельдердің дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.

  • Желі құрылғысы мен USB хабы қалыпты жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз.

  • Wi-Fi қосылымы бар болса, Wi-Fi қосылымының параметрлері дұрыс екеніне көз жеткізіңіз.

  • Компьютеріңіз бен принтеріңіз қосылған желіні тексеріп, желілердің атаулары сәйкес келетінін тексеріңіз.

Басып шығару деректері дұрыс жіберілді ме?

Шешімдер

  • Алдыңғы тапсырманың басып шығару деректері жоқ екеніне көз жеткізіңіз.

  • Принтердің желіден тыс еместігіне көз жеткізу үшін, принтер драйверін тексеріңіз.