Принтерге техникалық қызмет көрсету
Желі қызметі және бағдарламалық құрал ақпараты
Принтер жұмыстарын конфигурациялауға арналған қолданба (Web Config)
Сканерлеу құжаттарына және кескіндеріне арналған қолданба (Epson Scan 2)
Басқару тақтасынан сканерлеу жұмыстарын конфигурациялауға арналған қолданба (Epson Event Manager)
Компьютерден сканерлеуге арналған қолданба (Epson ScanSmart)
Факс операцияларын конфигурациялауға және факстар жіберуге арналған қолданба (FAX Utility)
Компьютерден жылдам әрі оңай басып шығаруға арналған қолданба (Epson Photo+)
Принтерді смарт құрылғыдан оңай басқару мүмкіндігін беретін қолданба (Epson Smart Panel)
Бағдарламалық құрал мен микробағдарламаға арналған қолданба (Epson Software Updater)
Желіде құрылғыны реттеуге арналған қолданба (EpsonNet Config)
iPhone, iPad немесе iPod touch құрылғысынан басып шығару мүмкін емес
Басып шығарылатын құжаттың Позиция, Өлшем не Жиектер параметрлері қате
Көшірілген кескінде біркелкі емес түстер, жағылулар, нүктелер немесе түзу сызықтар пайда болады
Көшірілген кескінде муар (айқасқан тор) белгілері пайда болады
Түпнұсқаның артқы жағындағы сурет көшірілген суретте пайда болады
ADF құралынан көшірілген мәтін немесе кескін қысылады немесе созылады
Бұл әдіс принтерді iPhone, iPad немесе iPod touch құрылғысына сымсыз маршрутизаторсыз тікелей жалғауға мүмкіндік береді. Осы әдістің көмегімен қосылу үшін келесі жүйелік талаптар орындалуы тиіс. Орта осы шарттарға сай болмаса, Басқа ОЖ нег. құрылғылар параметрін таңдап қосылуыңызға болады. Қосылуға қатысты мәліметтер алу үшін төмендегі «Қатысты ақпарат» бөлімін қараңыз.
iOS 11 немесе кейінгі нұсқасы
Стандартты камера қолданбасын QR кодын сканерлеуге пайдалану
Epson iPrint 7.0 немесе кейінгі нұсқасы
Epson iPrint смарт-құрылғыдан басып шығаруға пайдаланылады. Алдымен смарт-құрылғыда Epson iPrint қолданбасын орнатыңыз.
Осы параметрлерді принтерге және қосқыңыз келетін смарт-құрылғыға ғана жасауыңыз керек. Wi-Fi Direct функциясын өшірсеңіз де немесе желі параметрлерін әдепкі мәндеріне қойсаңыз да, осы параметрлерді қайта реттеу қажет емес.
Негізгі экраннан Wi-Fi орнату параметрін таңдаңыз.
Элементті таңдау үшін
түймелерін пайдаланыңыз, бұдан кейін OK түймесін басыңыз.

Wi-Fi Direct параметрін таңдаңыз.
Хабарды тексеріп, жалғастыру үшін OK түймесін басыңыз.
Хабарды тексеріп, жалғастыру үшін OK түймесін басыңыз.
iOS параметрін таңдаңыз.

Хабарды тексеріп, жалғастыру үшін OK түймесін басыңыз.
QR коды принтердің басқару тақтасында көрсетіледі.

iPhone, iPad немесе iPod touch құрылғысында стандартты «Камера» қолданбасын іске қосып, ФОТОСУРЕТ режиміндегі принтердің басқару тақтасында көрсетілген QR кодын сканерлеңіз.

iOS 11 немесе кейінгі нұсқасына арналған «Камера» қолданбасын пайдаланыңыз. iOS 10 немесе бұрынғы нұсқасына арналған «Камера» қолданбасы арқылы принтерге қосыла алмайсыз. QR кодтарын сканерлеуге арналған қолданба арқылы да қосыла алмайсыз. Егер жалғау мүмкін болмаса,
түймесін басыңыз. Қосылуға қатысты мәліметтер алу үшін төмендегі «Қатысты ақпарат» бөлімін қараңыз.
iPhone, iPad немесе iPod touch құрылғысының экранында көрсетілген хабарландыруды түртіңіз.

Қосылу түймесін түртіңіз.

Принтердің басқару тақтасында OK түймесін басыңыз.
iPhone, iPad немесе iPod touch құрылғысында Epson басып шығару қолданбасын іске қосыңыз.
Epson басып шығару қолданбаларының мысалдары

Epson басып шығару қолданбасының экранында Printer is not selected. түймесін түртіңіз.
Қосылғыңыз келген принтерді таңдаңыз.

Принтерді таңдау үшін принтердің басқару тақтасында көрсетілген ақпаратты таңдаңыз.

Принтердің басқару тақтасында OK түймесін басыңыз.
Принтерге бұрын қосылған смарт-құрылғыларды қайта қосу үшін смарт-құрылғының Wi-Fi желісінде желі атауын (SSID) таңдаңыз.