Epson Print Enabler пайдалану

Құжаттарды, электрондық хабарларды, фотосуреттерді және веб-беттерді Android телефонынан немесе планшетінен (Android 4.4 немесе кейінгі нұсқасы) тікелей сымсыз басып шығаруға болады. Бірнеше түймені түртсеңіз, Android құрылғысы бір сымсыз желіге жалғанған Epson принтерін анықтайтын болады.

Ескертпе:

Әрекеттер құрылғыға байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.

  1. Қағазды принтерге салыңыз.

  2. Принтеріңізді сымсыз басып шығаруға реттеңіз.

  3. Android құрылғысында Google Play дүкенінен Epson Print Enabler қосылатын модулін орнатыңыз.

  4. Android құрылғысын принтердікімен бірдей сымсыз желіге қосыңыз.

  5. Android құрылғысынан Параметрлер бетіне өтіп, Жалғанған құрылғылар > Басып шығару тармақтарын таңдаңыз да, Epson Print Enabler функциясын қосыңыз.

  6. Chrome секілді Android қолданбасынан мәзір белгішесін түртіп, экранда көрсетілгенді басып шығарыңыз.

    Ескертпе:

    Принтерді көрмесеңіз, Барлық принтерлер түймесін түртіп, принтерді таңдаңыз.